Размер шрифта: A A A
Цвет сайта: A A
Тип шрифта:

«Нұр-Сұлтан қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты» ММ

«Алматы» ауданының ТБЖ.

«Алматы» ауданының ТБЖ.
«Алматы» ауданының ТБЖ.

31.10.2019

Күнделікті күйбең тіршілікте, біздер көбінде өзіміз бен балалардың жеке қауіпсіздігіне көңіл бөлуді ұмытып, зардабы көп күттірмейтін келеңсіз жағдайларға тап болып жатамыз. Осындай салдардың бірі - жолындағының бәрін аяусыз жоятын өрт қаупі болып табылады. Ол туралы тек жүйелі түрде еске салып тұру ғана, өрт қауіпсіздігінің ең қарапайым шараларының маңыздылығына тұрғындардың назарын аудартуға мүмкіндік береді. Бізді Азаматтық қорғаныс саласы бойынша азаматтардың білім алуға деген бастамалары қатты қуантады. «Алматы» ауданының Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері №50 мектеп-гимназиясының педагогикалық ұжымына дәріс оқыды. Дәріс оқу барысында республикада және шет елдерде адамдардың салғырттығынан орын алған өрт оқиғаларынан мысалдар келтірілді. Сонымен қатар, «Балалардың терезеден құлауы», «Қыс кезіндегі қауіпсіздік» сияқты маңызды тақырыптар да назардан тыс қалмады. Дәрістің нәтижесі бойынша мұғалімдерге алдағы уақытта Whatsapp қосымшасы арқылы әлеуметтік желіде жарияланып таратылатын үгіт және ақпараттық материалдар таратылды. Тек қана осындай бірлескен жұмыстың нәтижесінде кез келген төтенше жағдайлардың алдын ала аламыз!


Көріністер:  43