Размер шрифта: A A A
Цвет сайта: A A
Тип шрифта:

«Нұр-Сұлтан қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты» ММ

Нұр-Сұлтан қаласында «Jas sarbaz – Jastar jylynda» жобасының салтанатты жабылуы өтті

Нұр-Сұлтан қаласында «Jas sarbaz – Jastar jylynda» жобасының салтанатты жабылуы өтті
Нұр-Сұлтан қаласында «Jas sarbaz – Jastar jylynda» жобасының салтанатты жабылуы өтті

31.10.2019

Асу алар «Жас сарбаз»!
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында «Jas sarbaz – Jastar jylynda» жобасының салтанатты жабылуы өтті. Іс-шара аясында күзгі әскери-қолданбалы спорт түрлері мен әскери-патриоттық әндер байқауының жеңімпаздары мен қозғалыс белсенділері марапатталды.
    Жеңімпаздардың ішінде «Алматы» ауданы мектептерінің де командалары бар: волейболдан бас жүлделі орынды №28 орта мектеп алса, әскери-қолданбалы спорт түрлерінен №74 мектеп-гимназиясы жеңімпаз атанды. №74 мектеп-гимназиясының оқушысы Ержігіт Көшкінов марафон қашықтығына жүгіруден жеңімпаз атанды.
«Жастар жылы» шеңберінде, елорда әкімдігі, «Астана жастары» ресурстық орталығы және Нұр-Сұлтан қаласы қорғаныс істері департаментінің қолдауымен «Jas sarbaz – Jastar jylynda» жобасы ұйымдастырылды.
Кешенді жоба аясында бір ай ішінде бірқатар шаралар өткізілді. №68665 әскери бөлімшесінде 3 күндік күзгі әскери-патриоттық ойындары, қаланың мектептері мен лицейлерінде жеңіл атлетикадан, футбол мен волейболдан жарыстар өткізілді, үздік спортшылар анықталды. Ал Ауған соғысы және Қарулы күштер ардагерлерімен кездесуде, оқушылар еліміздің заманауи тарихынан қызықты оқиғаларға қанықты. Жобаның жабылу салтанатында әскери-патриоттық әндер байқауы өтті. Әділ қазылар алқасы жарыс жеңімпаздарынан бөлек, жас патриоттар арасынан да үздік тәрбиеленушілерді марапаттады.
Аталған іс-шараға Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінің өкілдері, Нұр-Сұлтан қ. Қорғаныс істері департаментінің басшылығы, Нұр-Сұлтан қаласы «Қоғамдық даму істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Талғат Рахманберді, Мәжіліс депутаты Геннадий Шиповских, «Астана Жастары» ресурстық орталығының басшысы Шыңғыс Тілеулин,  «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының төрағасы – Асхат Налшыбек қатысты.
«Алдымен жастарды бүгінгі айтулы күндерімен құттықтаймын. Елорданың дамуында жастардың атқаратын рөлі зор. Осы жылы астаналық жастарға арналған және жалпы Жастар жылына арналған 600-ден астам шара өткізу жоспарланып отыр. Бас қалада 6 мыңға жуық жас сарбаз бар, олардың бәрі еліміздің болашағы болып табылады. Біз сіздермен тікелей жұмыс істеуге және жастардың бастамасын қолдауға дайынбыз» - деді, құттықтау сөзінде қалалық Қоғамдық даму істері басқармасының басшысы Талғат Рахманберді.
««Жас сарбаздар» дайындық пен отан сүйгіштіктің, жеңіске деген жігердің жоғары дәрежесін көрсетті. Күзгі әскери-патриоттық жарыстардағы біздің тәрбиеленушілеріміздің көрсеткен үздік көрсеткіштерін атап өткім келеді. Бүгін біз алдағы уақытта біздің еліміздің одан әрі гүлденуіне өз үлестерін қосатын жас патриоттарымызды марапаттап отырмыз» - деді, Нұр-Сұлтан қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаменті басшысының орынбасары – тәрбие, идеологиялық және әскери-патриоттық жұмыстар басқармасының басшысы капитан Жүсіпов Ерболат Мүбәракұлы.


Көріністер:  35