Размер шрифта: A A A
Цвет сайта: A A
Тип шрифта:

«Нұр-Сұлтан қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты» ММ

«Б» корпусының төменгі бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

«Б» корпусының төменгі бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

09.12.2019

«Б» корпусының төменгі бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

«Нұр-Сұлтан қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты» мемелекеттік мекемесі
Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

E-4 санаты бойынша:
Білімі: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
Жоғары немесе жоғарыдан кеінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелді.


Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің лауазымдық жалақысы,тг.:
Санаты    Еңбек сіңірген жылдарына байланысты
    min    max
Е-3    195 895    255 514

"Нұр-Сұлтан қаласы "Алматы" ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекеме, 010000 Нұр-Сұлтан қаласы Тәуелсіздік даңғылы 7 телефон: 8 (7172) 363890, факс 8 (7172) 362701, d.imanbaeva@аstana.kz «Б» корпусының төменгі бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:
1.    Нұр-Сұлтан қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты тіршілікті қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, (Е-4 санаты, 1 бірлік). Лауазымдық жалақысы қызмет атқарған жылдарына байланысты 195 895 тенгеден 255 514 тенгеге дейін.
Негізгі функционалдық міндеттері:
Тұрғын үй қоры объектілерінің қысқа дайындық кезінде қызмет көрсететін ұйымдардың қызметтерін үйлестіруді қамтамасыз етеді. Тіршілікті қамтамасыз ету үшін ауданның кәсіпорындарында, жылумен, газбен және электрмен жабдықтау, жедел саты шаруашылығы, ПИК, ЖСК, ПК, БІЖ бойынша жұмыстардың үздіксіз жасалуы үшін жәрдем көрсетеді. тұрғын үй қорына қызмет көрсетуді жақсарту, тұратын аумақты санитарлық күтіп ұстау, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін ұстау бойынша, ПИК-тің жұмысын үйлестіреді. Жетекшілік ететін объектілерінде кәсіпорындардың жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын дер кезінде ұйымдастыру және бақылау жүргізу. Әлеуметтік нысандардың қысқа дайындық барысын бақылау. Тұрғын үйлердің тиісті архитектуралық келбетін ұстау бойынша жұмыстарды жүргізеді, оның ішінде тұрғын үйлер мен ғимараттардың фасадтарын жөндеу. Бюджеттік бағдарламаларды орындау бойынша  жұмыстарды ұйымдастыруды жүзеге асырады. Бюджеттік бағдарламалардың әрбір спецификасының шығыстары бойынша есептер мен негіздеуді дайындайды. Азаматтар мен заңды тұлғалар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етеді, олардың өтiнiштерiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде қарауға және олар бойынша қажеттi шаралар қабылдайды.
Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар: Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейнгі білім, орта техникалық білім, кәсіби білім: техникалық ғылымдары мен технологиялар (автоматоматтандыру және басқару және/немесе құрылыс және/немесе көлік, көліктік техника және технологиялар және/немесе жылу энергетикасы және/немесе электр энергетикасы және/немесе өнеркәсіптік, азаматтық құрылыс және қала шаруашылығы және/немесе стандарттау, сертификаттау және метрология); қызметтер (кадастр және/немесе бағалау); құқық (құқықтану); әлеуметтік ғылымдары, экономика және бизнес (менеджмент және/немесе қаржы және/немесе есеп және аудит және/немесе экономика және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару және/немесе жобаны басқару);

2.    Нұр-Сұлтан қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты өндірістік-техникалық бөлімінің бас маманы, (Е-4 санаты, 1 бірлік). Лауазымдық жалақысы қызмет атқарған жылдарына байланысты 195 895 тенгеден 255 514 тенгеге дейін.
Негізгі функционалдық міндеттері:
Көшелерді механикаландырылған және қолмен жинау, ішкі аумақты жинау, парктер мен скверлердің жинау,  ағымдағы жасыл желектерді күтіп ұстау, жасыл көшеттерді күту жұмыстары және ағымдағы күтіп ұстау, сахнаны, киіз үйлерді және трибунаны орнату, тұрғын үй ғимараттарын, құрылыстарын су тасқынына қарсы шаралар, нөсер кәріз желілерін пайдалану, көшені, ішкі аумақтық және саябақтығы жарықтандыруды ағымдағы күтіп ұстау,   абаттандыру бөліктерінің консервациялары мен өндірістік базаны  пайдалану кезінде материалдарды ұстау және сақтау, рұқсат етілмеген полигондарды жою және шеткі жерлерді күтіп ұстау, жерлеу орындарын ағымдағы күтіп ұстау жұмыстарын бақылау бойынша функцияларын жүзеге асырады. Мердігер ұйымдардың атқарған жұмыстарының жоспарын қабылдау, жұмыс жасаған кезде туындаған сұрақтарды өз уақытында шешу бойынша шаралар қабылдау. Мердігерлермен орындалған барлық жұмыстардың сапасы мен технологиялық реттілігін күнделікті тексеру, олардың норма мен көлеміне сәйкестігін бақылау. Жұмыс журналына және актілерге техникалық бақылау тексерісінің  нәтижелерін белгілеу. Мемлекеттік стандарт, ҚнжЕ және техникалық шарт талаптарының бұзылуы немесе ақауларға қатысты мердігер ұйымдармен бақылау-ескерту жұмыстарын жүргізу. Ай сайын атқарған жұмыстың актілерін қабылдау және тексеру(2В,3КС формалары). Бөлімнің жұмыс жоспарларын құру, күнделікті ақпаратты дайындау. Мердігерлік ұйымдардың  өкілдерімен атқарылған жұмыстарды тізімге түсіруге (инвентаризацияға) қатысу, кепілдік мерзімде белгіленген ағымда пайда болған,орындалмаған  жұмыс және ақаулар бойынша екі жақты актілер құру, сол сияқты объектілерді консервациялау және қайта консервациялау үшін актілер құру. Бақылау өлшемі және объектілер бойынша төлемдерді тексеруге қатысу. Азаматтар мен заңды тұлғалар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етеді, олардың өтiнiштерiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде қарауға және олар бойынша қажеттi шаралар қабылдайды.
Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар: Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейнгі білім, орта техникалық білім, кәсіби білім: техникалық ғылымдары мен технологиялар (автоматоматтандыру және басқару және/немесе құрылыс және/немесе көлік, көліктік техника және технологиялар және/немесе электр энергетикасы және/немесе технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша) және/немесе өнеркәсіптік, азаматтық құрылыс және қала шаруашылығы және/немесе стандарттау, сертификаттау және метрология); қызметтер (кадастр және/немесе бағалау және/немесе жерге орналастыру); құқық (құқықтану); әлеуметтік ғылымдары, экономика және бизнес (менеджмент және/немесе қаржы және/немесе есеп және аудит және/немесе экономика және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару)
Құжаттарды қабылдау мерзiмi: 7 жұмыс күні, ол жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларына (әрі қарай - Қағидалар) 2-қосымшаға сәйкес  нысандағы өтініш;
2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен Қағидалардың 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;
3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.
"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.
Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
7) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген "Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
8) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген "Наркологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).
Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың:
1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;
2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.
3), 4), 5), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызмет (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.
Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не "Е-gov" электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшірмелері әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.
      Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар әңгімелесуге жіберілгені туралы хабардар етілген күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде «Нұр-Сұлтан қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде (010000 Нұр-Сұлтан қаласы Тәуелсіздік даңғылы 7),әңгімелесуден өтеді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саясипартиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.
Байқаушылар әңгімелесу процессінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.
Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) әңгімелесу басталғанға дейін құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
Жалпы конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген "Б" корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу қағидаларына сәйкес өткізіледі





























«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік
лауазымына орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан
__________________________
(мемлекеттік орган)

Өтініш

Мені_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________Мекен жайы және байланыс телефоны________________________________________________________________________________________________________________________________________


___________                   _______________________________________________
        (қолы)                                        (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

«___»_______________ 20 __ ж.







«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 3-қосымшасы

Нысан

«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК
ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ
ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК
КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»
_____________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)    ФОТО
(түрлі түсті/ цветное,3х4)
_____________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда/при наличии)    
ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ
1    Туған күні және жері/Дата и место рождения    
2    Ұлты (қалауы бойынша)/
Национальность (по желанию)    
3    Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы/
Год окончания и наименование учебного заведения    
4.    Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)    
5.    Шетел тілдерін білуі/
Владение иностранными языками    
6.    Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)    
7.    Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) / Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)    
8.    Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /
Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)    
9.    Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)    
ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ
Күні/Дата    қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, место работы, местонахождение организации
қабылданған/ приема    босатылған/ увольнения    
        
        
        
        
        
        
_____________________
Кандидаттың қолы/ Подпись кандидата    _______________
күні/дата